Ссылки доступа

Өзбекстан 1 қазаннан бастап орыс-қазақ шекарасы ашылады деген ақпаратты теріске шығарды


Әлеуметтік желілер мен мессенджерде тарап жатқан "1 қазаннан бастап орыс-қазақ шекарасы ашылады, Ресейде қалған өзбекстандықтар Қазақстан аумағы арқылы отанына орала алады" деген ақпарат шындыққа сәйкес келмейді.

Осылай деп Өзбекстанның сыртқы істер министрлігі хабарлады.

"Мұндай жалған ақпараттан сақ болыңыздар. Ресей мен Қазақстан арасындағы көлік жолдары әзірге жабық болып қала береді", - дейді СІМ.

Хабарламада сонымен бірге Өзбекстанға оралғысы келетін азаматтарға арнайы чартерлік рейс пен пойыздар бар екені айтылған. Билеттердің бәрі онлайн режимде сатылады.

Қазан және Ростов-на-Дону қалаларындағы Өзбекстан консулдығы 29 қыркүйекте темір жол вокзалдарында өзбек мигранттарының жиналып қалғанын мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG