Tyt.by ақпарат сайты бұдан былай интернет-ресурс ретінде жұмысын жалғастыра беретінін жариялады. Бірақ бұл сайттың журналистеріне жұмыс істеуге кедергі келтіруі мүмкін.
Бұл ақпаратты Беларусьтың ресми билігі әзірге растамады.
Беларусьта 9 тамызда өткен президент сайлауынан кейін саяси дағдарыс тереңдеп барады. Елді 1994 жылдан бері басқарып келе жатқан Александр Лукашенко соңғы сайлауда жеңіске жеткенін жариялағанымен, беларусь оппозициясы оны мойындаудан бас тартты. Сайлауда Лукашенконың басты қарсыласы болған 37 жастағы Светлана Тихановская сайлаудан кейін елден қашып кетуге мәжбүр болды. Қазір Литвада тұрып жатқан ол халықаралық қауымдастықты сайлау нәтижесін мойындаудан бас тартуға шақырып келеді. Еуропарламент Александр Лукашенконы Беларусьтың президенті ретінде мойындамайтынын жариялады.
29 қыркүйекте Франция президенті Эммануэл Макрон Литвада Тихановскаямен кездесіп, Беларусьтағы саяси дағдарысты реттеуге қолынан келгенше көмектесетінін білдірді.