Ссылки доступа

Шамамен жарты миллион қырғызстандық сайлауға қатыса алмайды


Қырғызстанда шамамен жарты миллион азамат Жогорку Кенеш сайлауына қатыса алмайды. Бұл туралы 30 қыркүйекте Мемлекеттік тіркеу қызметі Азаттык радиосына хабарлады.

Қызмет мәліметі бойынша, 437 мың 384 азамат биометрикалық тіркеуден өтпеген. Олар ескі үлгідегі ID-паспорт ұстап жүр. Заң бойынша мұндай азаматтар сайлауда дауыс бере алмайды.

Орталық сайлау комиссиясының мәліметіне қарағанда, сайлаушылар тізіміне шамамен 3,5 млн адам кірген.

Биометрикалық мәліметтер туралы заң 2014 жылы қабылданды. Биометрикалық тіркеуді Мемлекеттік тіркеу қызметі жүргізеді.

Қырғызстанда сайлау 4 қазанда өтеді. Оған 16 саяси партия қатысады.

XS
SM
MD
LG