Ссылки доступа

Волгоградқа жиналған мигранттар Өзбекстанға қайтты


29 қыркүйекте Ресейдің Волгоград облысы Волжский қаласына жиналған 800 өзбек мигранты пойызбен Ташкентке қайтты.

Хабарларға қарағанда, 25 қыркүйекте шамамен 900 мигрант жолға шықты. Келесі рейс Волжский - Ташкент бағытымен 1 қазанда орындалады.

Карантинге байланысты Өзбекстанға орала алмаған мигранттар Волгоград облысындағы мұсылмандардың мәдени-ағарту орталығына орналасты.

"Қазір бұл орталықта Өзбекстанның екі азаматы ғана қалды", - деді Волгоград облысы мұсылмандарының діни басқармасындағы муфти Абдулла Қажы.

XS
SM
MD
LG