Ссылки доступа

Сардоба бөгетінің жарылуынан зардап шеккен тұрғындар өтемақы алды


Жители махалли «Дустлик» в Сардобинском районе Сырдарьинской области долгое время не могли получить компенсацию за разрушенное во время наводнения жилье.

28 қыркүйекте Өзбекстанның Сырдария облысы Сардоба ауданына қарасты "Дустлик" махалласының он шақты тұрғыны алтыншы мәрте Ташкентке келді. Өтемақы талап еткен азаматтар премьер-министр Абдулла Ариповпен кездесу талап етті.

Екі апта бұрын шағым айтып келген тұрғындарды құқық қорғау органдарының қызметкерлері қысыммен қайтарған. Бұл жолы оларды үкімет кеңсесінің өкілі қабылдады. Су тасқынынан баспанасынан айрылған сардобалықтар бес ай бойы Ташкентке келумен болды.

Астанаға алтыншы мәрте жеткен тұрғындардың мәселесі осы жолы шешілді.

– Бізді қабылдаған үкімет өкілі арызымызды тыңдап, Ташкентке махалла төрағасы Әлішер Чинбоевты шақыртты. Одан соң облыс басшысының орынбасары Анвар Каримов өтемақыны тез арада төлеуді тапсырды. Содан кейін ғана біз Сардобаға оралдық, – деді "Дустлик" тұрғыны.

Өзбекстан президенті Сардобада зардап шеккен тұрғындарға 40 миллион сум (шамамен 4 мың доллар) өтемақы уәде еткен.

Еске салайық, биыл 1 мамырда таңертең Сардоба су қоймасы жарылып, Сырдария облысының үш ауданын су басты.
XS
SM
MD
LG