Ссылки доступа

Абхазияда қалып қойған өзбекстандықтар үйіне қазан айының басында қайтады


Абхазиядан келе алмай жатқан өзбек мигранттарының алғашқы тобы (әйелдер, балалы және жүкті келіншектер, қариялар) отанына қазан айының басында жеткізіледі.

Бұл туралы Өзбекстанның сыртқы істер министрлігі (СІМ) хабарлады.

Мекеме мәліметіне қарағанда, Абхазиядағы қалған азаматтар Ресейден рұқсат алған бойда Өзбекстанға жеткізіледі.

Осыған дейін карантинге байланысты Абхазияда қалып қойған мыңнан астам өзбек мигранты еліне қайта алмай жатқаны хабарланған. Олар өзбек билігіне қайрылып, Ресей арқылы транзит ұйымдастырып беруді өтінген.

XS
SM
MD
LG