Ссылки доступа

COVID-19: Тәжікстан Ресейден вакцина сатып алу бойынша шешім қабылдаған жоқ


Тәжікстан әзірге коронавирусқа қарсы Ресейдің вакцинасын сатып алу бойынша нақты шешім қабылдамады. Бұл туралы елдің денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады.

Мекеме мәліметіне қарағанда, қазір Душанбе вакцинаның клиникалық сынаудың барлық сатыларынан өтуін күтеді.

Осыған дейін Тәжікстан денсаулық сақтау министрлігінің өкілі Тәжікстан мен Ресей арасында вакцина сатып алу туралы келіссөздер жүріп жатқанын мәлімдеген. Ол әзірге Ресей қанша вакцина беруге дайын екені және оның бағасы белгісіз екенін айтқан.

Ресей COVID-19-ға қарсы вакцинаны ресми тіркеуге алған әлемдегі алғашқы өлке болды. Бірақ бірқатар ғалымдар ресейлік вакцинаның клиникалық сынауына байланысты күмәнді жағдайлар бар екенін айтқан. Ал вакцинаны дайындаған Гамалея орталығы күдік келтіру орынсыз екенін білдірген.

Соңғы мәлімет бойынша Тәжікстанда коронавирус жұқтырғандар 9 769 адамға жетіп, 76 науқас қаза болды. Бірақ әлеуметтік желі қолданушылары билік шын ахуалды жасырып жатыр деп есептейді. Олардың айтуынша, вирус жұқтырғандар мен қаза болғандар саны әлдеқайда көп.

XS
SM
MD
LG