Ссылки доступа

Дағыстан түрмесінен қашқан алты адам Қалмақстанда ұсталды


Дағыстандағы абақтыдан қашып кеткен алты адам, оның ішінде екі тәжікстандық Қалмақстан республикасында ұсталды. Бұл туралы Ресейдің ішкі істер министрлігінің (ІІМ) Дағыстан бойынша басқармасы мәлімдеді.

Мекеме мәліметіне қарағанда, абақтыдан қашқандар Қалмақстанның Улан-Хол деген қыстағында қолға түскен.

Сотталған алты адам бір жыл бойы жер қазып, сол арқылы абақтыдан 23 қыркүйекте қашып кеткен. Жергілікті билік олар адам өлтірді деген айыппен 10 жылдан 14 жылға дейін сотталғанын, арасында екі тәжік азаматы — Шамил Бойматов пен Махмадрасул Машрабов бар екенін жеткізген.

Тұтқындар абақтыдан қашқаннан кейін Ресейдің тергеу комитеті абақты қызметкерлеріне қарсы "жұмысына салғырт" қарау бабы бойынша қылмыстық іс қозғады.

Өткен аптада Дағыстан басшысы Владимир Васильев қашқандарды қолға түсіруге көмектесетін ақпарат бергендерге бір миллион рубльге дейін сыйақы беретінін мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG