Ссылки доступа

Қырғызстанда билікті күшпен басып алуға үндеді деген күдікпен 26 адам ұсталды


Бішкек қаласы ішкі істер департаментінің тергеу қызметі Интернетте таралған бір видеоға қатысты сотқа дейінгі тексеру жүргізіп жатыр. Видеода билікті күшпен басып алуға жөнінде үндеу айтылған.

Сот-политология сараптамасы видеода аймақаралық араздық пен билікті күшпен басып алуға бағытталған үндеулер барын анықтаған.

Милиция видеодағы ер азаматтың кім екенін білді. 30 қыркүйекте "Кырк Уруу Жети Дубан" ("Жеті аймақтан қырық ру") қоғамдық бірлестігінің 26 мүшесі ұсталды.

Ішкі істер депарматентіне жеткізілген 26 адамның жиырмасының есірткі қолданғаны белгілі болды.

Қозғалыстың бес басшысы тергеу абақтысына отырғызылды, қалғандарының қылмысқа қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

30 қыркүйекте әлеуметтік желілерде таралған видеода жиырма шақты ер азамат саясатты талқылаған. Солардың бірі: "1,5 ауылдағы жігіттерді шығару керек. Бұл сайлауды өткізіп алсақ, жеңілеміз", - деген.

Қырғызстанда парламент сайлауы 4 қазанда өтеді. Оған 16 саяси партия қатысады.

XS
SM
MD
LG