Ссылки доступа

Рубль бағамының құлдырауы еңбек мигранттарының Тәжікстандағы отбасыларына қиын тиді


Ресей рубльінің бағамы бір аптада екі мәрте құлдырады. Еңбек мигранттарының Тәжікстандағы туыстары бұған алаңдап отыр.

30 қыркүйекте Тәжікстанның ұлттық банкі 1000 рубльдің ресми бағамын 131,1 сомони деп белгіледі. Банктер 1000 рубльді 129-131 сомониге айырбастап жатыр.

Тұрғындардың айтуынша, пандемия кезінде Ресейде жұмыс істейтін туыстары ақша жіберуді азайтты, өйткені жұмыс азайды, енді рубль бағамының құлдырауы оларға кері әсер етіп жатыр.

Душанбе тұрғыны Шахло Азизованың айтуынша, Ресейден оған 9 мың рубль жолдаған, қаражат 70 сомониге "арзандап" үлгерген. "Азық-түлік қымбаттап жатыр, Ресейден ақша аз келеді. Рубль бағамы да құлдырап, жағдайымыз одан сайын қиындап кетті", - дейді еңбек мигрантының әйелі.

Тәжікстан ұлттық банкі басшылығы рубльдің арзандауын Ресейде валютаның долларға шаққандағы бағамы төмендеуімен түсіндірді.

Өткен жылы Ресейдегі тәжік мигранттары Тәжікстанға 2,7 млрд доллар аударған.

XS
SM
MD
LG