Ссылки доступа

БАҚ: сириялық жүздеген жалдамалы Қарабақта соғысып жүр


Иллюстративное фото
Иллюстративное фото

Сирияның Түркия бақылауындағы аймағанын бірнеше жүз жалдамалы Әзербайжанға келіп, Таулы Қарабақтың Баку бақылауынан тыс аймағына қарай өтті. Олар армян армиясымен соғысқа да қатысты, бірнешеуі қаза тапты.

Би-би-си медиакорпорациясының араб редакциясына сириялық бір жалдамалы осындай мәлімет берген. Түрік редакциясының дереккөзі мыңдаған жалдамалы туралы айтқан. Бұған дейін жанжал ошағында жалдамалылар соғысып жүргенін ресейлік дереккөздер де хабарлаған. Баку мұны жоққа шығарып отыр.

Би-би-сидің араб редакциясы дереккөзінің айтуынша, Әзербайжанға соғысқа Солтүстік Сирияда тұратын бірнеше жүз адам тартылған. Бұл аймаққа Башар Асадқа оппозиция болып жүрген күштер, түріктердің жақтастары және Түркия бақылау орнатқан. Өткен сәрсенбіде, атыс басталардан төрт күн бұрын, олар ұшақпен Әзербайжанға жеткізілген, одан соң Қарабаққа жақын маңдағы шептерге бөлінген. Дереккөз мәліметі бойынша, 27 қыркүйекте олар ұрысқа шыққан, бірнеше адам қаза тапқан. Ол базада ондаған жалдамалының мәйітін көргенін айтты. Телеарна дереккөз мәліметін журналистер тексере алмағанын хабарлады.

Әзербайжан билігінің шақыруымен жанжал аймағына келген сириялық содырдың айтқандарын Guardian газеті жариялады. Тағы бір сириялықпен сұхбатты Times жариялады.

27 қыркүйекте Таулы Қарабақта Армения мен Әзербайжан арасындағы әскери жанжал қайта тұтанды. Екі мемлекетте де әскери жағдай жарияланды.

XS
SM
MD
LG