Ссылки доступа

Бір күнде 179 адам коронавирус пневмониясына шалдыққан, Covid-ті қосқанда 5 адам қайтыс болған


30 қыркүйекте Қазақстанда 179 адамның коронавирус пневмониясына шалдыққаны анықталды. Пневмонияның осы түрінен 2 адам қайтыс болды. Бір күнде 73 адам жазылып шықты. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

Бейсенбі күні пневмония туралы ақпарат әдеттегіден кешірек жарияланды. Министрлік оның себебін түсіндірмеді.

1 тамыздан бері коронавирус пневмониясына шалдыққандар 32 979 адамға жеткен. 27 242-і жазылған. 5 мыңнан астам адам коронавирус пневмониясынан емделіп жатыр. 355 адам қайтыс болған.

Дүйсенбі күні коронавирус жұққаны ПТР-тестпен расталған науқастар арасында 3 адам қайтыс болған. Наурыз айынан бері 1734 адам көз жұмған.

Қазір коронавирус ауруынан 3 303 емделіп жатыр, 56-ы – бала. Стационарда – 1 813 адам, амбулаторлық жағдайда 1 495 адам емделіп жатыр. 94 адамның жағдайы ауыр, 13 науқастың жағдайы өте ауыр. 21 адам жасанды тыныс алу аппаратымен дем алып жатыр.

Елде коронавирус пневмониясы бөлек есептелгенге дейін яғни, 1 тамызға дейін 8 ай ішінде 256 мың адам пневмонияға шалдыққан. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 3,3 есе көп. Оның 35 мыңы маусымда, 152 мыңы шілдеде ауырған. ДСМ мұның ішінде нешеуі коронавирус пневмониясы екенін айтпады. Министрлік бар болғаны 1-8 шілде аралығында пневмония 56,8 мың адамнан анықталғанын, соның 39,7 мыңында коронавирус белгілері болғанын айтты.

XS
SM
MD
LG