Ссылки доступа

Өзбекстан: қыркүйекте тұтыну бағасы 1,4 процентке өсті


Өткен қыркүйек айында тұтыну бағасы мен тарифтер орта есеппен 1,4 процентке өскен. Бұл жөнінде Өзбекстанның мемлекеттік статистикалық комитеті мәлімдеді.

Былтыр, дәл осы кезеңде баға 1,3 процентке өскен.

Комитет есебінше, биыл қаңтар-қыркүйек айларында баға мен тариф 6,3 процентке көтерілген (былтыр дәл осы уақыт аралығында бағаның өсуі 9,7 процентке жеткен).

Былтыр қыркүйек айымен салыстырғанда, биыл соңғы тоғыз айға дейінгі тауар бағасының өсуі 11,7 процентке жеткен.

Өзбекстанның Монополияға қарсы комитеті қыркүйек айының соңында ішкі нарықта азық-түлік бағасы бірден өскен деп атап өтеді.

Атап айтқанда, күнбағыс майының бағасы 11500 сумнан 15000 сумға ($1,2-$1,46), қант 6000 сумнан 7000 сумға ($0,58-$0,68) және жұмыртқа 1000 сумнан 1300 сумға ($0,09-$0,13) қымбаттаған.

Аталған мекеме күнбағыс майының қымбаттауын тұрғындар жиі қолданатындықтан деп түсіндіреді. Атап айтқанда, соңғы тоғыз айда 177 мың тонна күнбағыс майы импортталған. Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 13 процентке көп.

XS
SM
MD
LG