Ссылки доступа

Тәжікстанда коронавирустан көз жұмғандар саны 77-ге жеткен


Тәжікстан денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, коронавирустан көз жұмғандар саны 77-ге жеткен. Өткен тәулікте 42 адам COVID-19 вирусын жұқтырса, бір науқас қайтыс болған.

1 қазандағы есеп бойынша, жалпы 9 мың 811 адамнан коронавирус анықталған. Эпидемия басталғалы бері 8 мың 617 науқас айығып шыққан.

Қазір тағы 71 адам коронавируске күдікті ретінде дәрігерлердің бақылауында.

Бірақ әлеуметтік желі қолданушылары ресми мәліметке сенбейді. Індет жұқтырғандар мен қайтыс болғандар саны әлдеқайда көп деп есептейді.

XS
SM
MD
LG