Ссылки доступа

Қырғызстанда жыл соңына дейін салынып және жөнделіп жатқан 60 мектеп қолдануға беріледі


2020 жылдың соңына қарай салынып және күрделі жөндеуден өтіп жатқан 60 мектеп қолдануға беріледі. Осылай деп Қырғызстанның премьер-министрі Кубатбек Боронов 1 қазанда мәлімдеді.

Оның сөзінше, 53 мектеп республикалық бюджет есебінен салынып жатыр, оның 14-і коррупциямен күресте қайтарылған ақшадан аударылған Біріңғай депозит есебінен аяқталған. Сонымен бірге 4 нысан Саудия даму қоры ақшасына салынып жатыр.

"2020 жылға арналған мемлекет бюджетінен 97 мектепке 958 млн сом қарастырылған, оның 748 млн сомы бөлінді. Ал Біріңғай депозиттегі ақшадан 3 нысанның жөндеу жұмысына 110 млн сом бөлінді. Бұл өте үлкен мектептер. Онда 2 мыңға дейін бала оқиды. Сонымен бірге Саудия даму қоры бөлген 30 млн сомға мектептер салынып жатыр", - деді Боронов.

Премьер-министр сонымен бірге 6 қазаннан бастап 1-6 сынып оқушыларының мектепке бару дайындығына қатысты да мәлімет берді.

"Жергілікті өзін басқару мекемелеріне мектептердің, балабақшаның және ауруханалардың қысқа дайындығын тексеру жөнінде тапсырма берілді. Егер ғимарат салқын болса, мектепте сабақ бастаудың қажеті жоқ. Мұны әр облыс басшылығы өздері шешеді", - деді премьер-министр.

Қырғызстанда 16 наурыздан бастап карантин жарияланғаннан кейін, онлайн-білім жүйеге көшті. Қыркүйек айында тек 1 сынып оқушылары ғана мектепке барды.

XS
SM
MD
LG