Ссылки доступа

Армения Ереван маңында әскери дрон атып түсірілді деп мәлімдеді


Таулы Қарабақ, 30 қыркүйек, 2020 был
Таулы Қарабақ, 30 қыркүйек, 2020 был

Арменияның әуеден қорғану құралдары Ереваннан алыс емес жерде Әзербайжанның ұшақсыз ұшағын атып түсірді. Бұл туралы Армения қорғаныс министрлігі хабарлады.

Осыған дейін министрлік Әзербайжан армянның елді мекендерін атқылады деп мәлімдеген. Бір бейбіт тұрғын қайтыс болған.

Өз кезегінде Әзербайжанның қорғаныс министрлігі Армения оқ атқанын хабарлады. Елдің бас прокуратурасы 19 адам мерт болды деді.

Әзербайжан ұшқышсыз ұшақтарды Израиль және Түркиядан сатып алады. 1 қазанда Армения Израильдегі елшісін шақырып алған.

1 қазанда АҚШ, Ресей және Франция лидерлері Әзербайжан мен Армения президенттерін ЕҚЫҰ арағайындығымен келіссөздер жүргізуге шақырған.

Әзербайжан мен Армения ортасында таласқа түсіп келе жатқан Таулы Қарабақ аймағында 27 қыркүйектен бері соғыс жүріп жатыр. 100-ден астам адам қайтыс болған.

Таулы Қарабақ төңірегінде дау Совет Одағы кезінен басталған. Ол кезде Таулы Қарабақ ауданы Әзербайжан ССР-і құрамына кірген, бірақ тұрғындарының көбі армян болған. 1988-1994 жылдары аралығында болған әскери қақтығыс кезінде 30 мың адам қаза тауып, жүздеген мың адам босқынға айналған. Армения әскерінің қолдауына ие болған сепаратистер Таулы Қарабақтың басым бөлігін бақылауына алып, өзінің қарамағына Әзербайжанға тиесілі кей аудандарды да тіркеп алды. Әзербайжан бұл территорияны оккупацияланған деп атайды. 1994 жылы екі ел арасында қарулы қақтығысты тоқтату және шиеленісті бейбіт жолмен шешу жөнінде келісім жасалды. Бірақ бұл келісім шиеленісті шешкен жоқ.

XS
SM
MD
LG