Ссылки доступа

Түркіменстанда мүйізді ірі қара мал қырылып жатыр


Түркіменстан, қазан, 2013 (көрнекі сурет) 

Мары облысында мүйізді ірі қара мал белгісіз індеттен қырылып жатыр. Бұл туралы Азаттықтың түркімен қызметі хабарлайды.

"Қырылған малдың саны қанша екені белгісіз. Бірақ Қарақұм ауданында 200-дей бас мал өлді деп айтып жатыр, басқа аймақтарда да осындай жағдай", - деді тілші.

Ақпаратқа қарағанда, мал шөп жемей, арықтап кетіп жатыр. Фермерлер өздігінше дәрі беруге әрекет жасаған, кейін ветеринарларға қайрылған. Малға екпе жүргізіп жатыр. Бірақ бұл да әзірге көмектеспеген.

Аймақта қара мал екі ай бұрын ауыра бастаған, бірақ соңғы екі аптада індет күшейіп кеткен.

Ветеринарлық дәрігерлер әзірге малдың қандай індетпен ауырып жатқанын ашық айта алмай отыр. Мұндай ауруды бірінші рет кездестірдік дейді.

Тұрғындар жергілікті биліктен көмек сұраған, бірақ әлі ешқандай шара қолданылмаған.

XS
SM
MD
LG