Ссылки доступа

Қырғызстан: Жаңа оқу жылында бірінші сынып оқушылары арасында коронавирус тіркелмеді


Қырғызстанның денсаулық сақтау министрінің орынбасары Нұрболот Усенбаев 2 қазандағы брифингте кейбір сынып оқушылары 6 қазаннан мектепте оқитынын айтты.

"Жаңа оқу жылында 100 мыңнан астам бірінші сынып оқушысы мектеп табалдырығын аттады. Олардың арасында COVID-19 тіркелген жоқ. Сол себепті біз 2-6 сынып оқушыларын мектепте оқытқан жөн деп шештік", - деді Усенбаев.

Министрдің орынбасары Қырғызстанда Кавасаки синдромы тіркелмегенін айтты, бірақ оны емдеу әдісі коронавирусты емдеу хаттамасына кірген. Кавасаки синдромы жұқпалы ауру емес, ол баладан балаға жұқпайды.

Қырғызстанда мектептер биыл наурыз айында карантинге жабылып, оқушылар қашықтан оқыды. 1 қыркүйекте мектепке бірінші сынып оқушылары ғана барды.

30 қыркүйекте Қырғызстанның республикалық шұғыл штабы 6 қазаннан 2-6 сыныптар мектепте оқитынын хабарлады.

Қырғызстанда 47056 адам коронавирус жұқтырған.

XS
SM
MD
LG