Ссылки доступа

Өзбекстанда кішкентай қыздарға сексуалдық қысым көрсетті деген күдіктіге қарсы тергеу басталды


Иллюстративное фото.
Иллюстративное фото.

Өзбекстанның Әндіжан облысы Асака ауданында кішкентай қыздарға сексуалдық қысым көрсету ісі бойынша тергеу басталды. Бұл туралы Азаттықтың өзбек қызметі хабарлады.

Асака аудандық ішкі істер бөлімінің мәліметіне қарағанда, кішкентай үш қызға сексуалдық қысым көрсету фактісі бойынша тергеуге дейінгі тексеру аяқталып, іс Асака қалалық прокуратурасына жіберілген.

Мекеменің тергеушісі түскен материалдарға қатысты "Кәмелеттік жасқа толмағандарға қарсы азғындық әрекет жасау" бабы бойынша қылмыстық іс қозғағанын жеткізді.

Тергеу істеріне жақын дереккөздің мәліметіне қарағанда, тергеу барысында күдікті кінәсін мойындаған. Бірақ оны қолхат алып, бостандыққа жіберген.

Қыздардың туыстары оның еркіндікте жүргеніне наразы. "Күдікті кінәсін мойнына алғанына қарамастан, ол еркіндікте жүр. Ауыл тұрғындары оны оқиға болған жерде ұстап, милицияға алып барған. Оған қарсы қылмыстық іс әлі қозғалмады. Қыздарды экспертизадан өткізіп, олардың зорланбағаны анықталды. Бірақ оларды шешендіріп, бұзақы әрекетке барған", - дейді қыздардың туыстарының бірі.

Осыған дейін 31 жастағы күдікті 4 қыркүйекте 6 жастағы екі және 7 жастағы бір қызды қоян ұстап берем деп алдап, сексуалдық қысым көрсеткені хабарланған.

XS
SM
MD
LG