Ссылки доступа

Тәжікстанда мұқтаж отбасылар сайлаудан кейін жағдайы жақсарады деп үміттенеді


Тәжікстанда тұрмысы төмен отбасылар алдағы президент сайлауынан кейін жағдайы түзеледі деп үміттенеді.

84 жастағы Лолахон Бобоев сайлауда жеңіске жеткен президент жағдайы төмен отбасылардың мәселелерін шешуі керек деп есептейді. Ол сайлауға аса қызықпайтынын, бірақ президент халық жағдайына көңіл бөлу керек деп ойлайды. "Мен өмір бойы пәтер жалдап тұрып келдім. Қазір де жатақханада тұрамын. Сайлауда жеңіске жеткен президент жарлы-жақыбайларға көңіл бөліп, бізді үймен қамтамасыз етсе, жақсы болуы еді", - дейді ол.

Тәжікстандағы соңғы үш президент сайлауынан хабар таратқан журналистердің бірі жақын жылдары халықтың жағдайы жақсарады дегенге сенбейді.

"Сайлау қорытындысы қазірден белгілі. Президент осыған дейін 28 жыл ішінде қоғамдағы проблемаларды шешкен емес. Сондықтан жақын жеті жылдың ішінде ешнәрсе өзгермейді. Мүмкін мемлекеттік бағдарлама аясында жәрдем көбеюі мүмкін, бірақ жалпы жағдай өзгермейді", - дейді ол.

Ресми мәлімет бойынша, Тәжікстанда 182 мың аз қамтылған отбасы бар. Бірақ коронавирус пандемиясынан Тәжікстан мен Ресейде жұмыс орындары азайғандықтан, оларды саны көбейді.

Қазір Тәжікстанда іске жарамды халықтың саны 2,5 миллионға жетеді. Олардың ішінен 50 мыңы жұмыссыз қатарында тұр.

Халықты жұмыспен қамту, жұмыссыздықты азайту және кадр дайындауды ашық ету — Тәжікстан тәуелсіздікке ие болған 29 жылдан бері шешілмей келе жатқан негізгі мәселелер болып есептеледі.

XS
SM
MD
LG