Ссылки доступа

Самарқанда заңсыз алтын іздеушінің денесі табылды


Өзбекстанның Самарқанд облысына қарасты Кушрабад ауданындағы ауруханаға жақын жерден 20 жастағы ер адамның сүйегі табылған.

Аудандық ішкі істер бөлімінің мәліметіне қарағанда, 30 қыркүйекте ер адам "Зармитан" кенінде заңсыз алтын қазып жүргенде, тас басып, жарақат алған.

"Жанындағы екі серігі оны тастан шығарып, ауруханаға жеткізбек болған. Бірақ ол жолда қаза болып, қорқып кеткен серіктері сүйекті жолдың жиегіне тастап кеткен", - деді мекеме қызметкері.

Оның айтуынша, бүгінгі күні аудандық прокуратура бұл оқиға бойынша тергеу жүргізіп жатыр.

Туыстарының айтуынша, марқұмның әкесі де төрт жыл бұрын заңсыз алтын қазып жүрген кезде, тастың астында қалып қаза болған.

XS
SM
MD
LG