Ссылки доступа

Өзбекстанда Alibaba Group қытай компаниясының онлайн-ритейлері ашылды


Өзбекстанның экспорттаушылар қауымдастығы Alibaba Group компаниясының ресми өкілі ретінде жұмыс істей бастады.

УзА агенттінің хабарлауынша, қауымдастық Alibaba.сom сайтын басқаруға мүмкіндік беретін арнайы кілт алған.

Alibaba сайтында бұған дейін де өзбекстандық кәсіпкерлердің өнімдері сатылып келген, бірақ порталдық үлкендігі мен оған тіркелудің қиындығы жергілікті кәсіпкерлерге қиындық туғызған.

"Енді Өзбекстан экспорттаушылар қауымдастығы Alibaba.сom сайтының арнайы кілтіне ие болды. Сол арқылы жергілікті компаниялар мен тауарды экспорттаушылар өнімдерін осы сайтта сата алады", - деді қауымдастық маманы Маруф Пардаев.

Қауымдастық басшылығы Alibaba сауда алаңының көмегімен қытай нарығына, одан соң Қытаймен көрші елдерге шығуды көздеп отыр.

Хабарларға қарағанда, өзбекстандық бір кондитерлік компания платформамен 3 млн доллардың келісім-шартына отырды.

XS
SM
MD
LG