Ссылки доступа

"Весна": Беларусьте 4 қазандағы наразылық акцияларында кем дегенде 240 адам ұсталды


Беларусьте жексенбі, 4 қазандағы наразылық акциялары кезінде кем дегенде 240 адам ұсталды, деп хабарлады "Весна" адам құқықтарын қорғау орталығы.

Ұсталған адамдардың тізімі орталық сайтында жарияланды.

Олардың дені - Минск тұрғындары. Бұған қоса, Брест, Гродно, Витебск, Могилев, Бобруйск, Солигорск тұрғындары тұтқындалған.

Ішкі істер мекемелеріне жеткізілген адамдардың бірнешеуі ғана босап шыққан.

Бұның алдында "Весна" бірнеше қалада оннан астам журналист пен фототілші ұсталғанын хабарлаған. Беларусь журналистер қауымдастығының хабарлауынша, милиция ұсталған журналистердің біразын босатқан.

Беларусьте екі айдан бері наразылық акциялары өтіп жатыр. Олар президент сайлауынан кейін басталды. Ресми мәлімет бойынша, сайлауда Александр Лукашенко жеңіске жеткен. "Весна" құқық қорғау орталығының хабарлауынша, елде саяси тұтқындар 25 есе көбейген.

XS
SM
MD
LG