Сотта айыпталушылар Мемлекеттік қауіпсіздік қызметінің тергеу изоляторында азапталғанын мәлімдеген. "Бізге көрсеткен қорлықты малға жасаса, олар да мойындаушы еді", - деді айыпталушылардың бірі.
Әлішер Гулистанов пен Дильшод Умаров бірнеше қолдарынан жоғары іліп қойып, бірнеше сағат бойы азаптағанын, психологиялық қысым көрсеткенін айтты.
Айыпталушылар Мемлекеттік қауіпсіздік қызметінің Қашқадария облыстық басқармасына қарасты тергеу абақтысында отыр.
"Тергеу Қылмыстық процессуалдық кодексінің 91 бабына сәйкес, адвокаттардың қатысуымен өтті. Үш күн сайын медициналық тексеру жүргізілді" делінген Қашқадария прокуратурасының хабарламасында.
Облыстық прокуратура мәліметі бойынша, "тергеу изоляторында видеобақылау аппаратурасы орнатылған, күдіктілерге физикалық немесе моральдық қысым жасалмаған".