Ссылки доступа

Ресей ІІМ: тәжік оппозиционері Душанбеге өзі барды


Ресей ішкі істер министрлігі Тәжікстаннан тыс аймақта жасырынып жүрген оппозиционер "Тәжікстанға өзі барды" деп мәлімдеді. Министрлік жауабын тәжік оппозициясының өкілдері жариялады.

Тәжікстанда тыйым салынған "Группа 24" ақпараттық блогының жетекшісі Дилшод Шарифовтың хабарлауынша, Ресейдің ішкі істер министрлігі Бадалов авдокатының сұрауына жауап берді. Онда "Бадалов 1 қыркүйекте Домодедово әуежайынан Тәжікстанға ұшты" делінген.

"Группа 24" мәліметіне қарағанда, Бадаловты 1 қыркүйекте түнде Тәжікстан ішкі істер министрлігінің өкілдері ұстап, Душанбеге алып кеткен. Тәжік милициясы әзірге Бадаловқа қатысты мәлімет таратпады.

"Группа 24" тобы Бадаловты 1 қыркүйекте таңертең Нижний Новгород қаласындағы үйінде белгісіз біреулер ұстап әкеткен.

"Группа 24" тобы 2012 жылы құрылған, ал 2014 жылы Тәжікстан Жоғарғы соты оны экстремистік ұйым деп таныды. Одан соң ұйымның Тәжікстандағы, Ресейдегі және басқа да елдердегі өкілдерін ұстай бастады.

XS
SM
MD
LG