Ссылки доступа

Тәжік елшісі: Ресейден арнайы рейстер әуе қатынасы қалпына келгенше жүзеге асады


Ресейден Тәжікстанға чартерлік рейстер екі ел арасында әуе қатынасы қалпына келгенше жүзеге асады деп мәлімдеді РФ-тағы тәжік елшісі Имомуддин Саттори.

"Қазір күнделікті бес чартерлік рейс ұшып жатыр. Отандастарымызды еліне жеткізу үшін әуе қатынасы қалпына келгенше бұл жалғаса береді", - деді Имомуддин Саттори.

Биыл наурыз айында коронавирус пандемиясына байланысты халықаралық әуе байланыстары тоқтаған. Соңғы айда Ресейде қалып қойған тәжік мигранттарын отанына жеткізу үшін арнайы рейстер жүзеге асып жатыр.

Ресей Тәжікстанмен әуе қатынасын қашан қалпына келтіреді, әзірге белгісіз. Мәскеу 21 қыркүйекте Еуразиялық экономикалық одаққа кіретін Беларусь, Қазақстан және Қырғызстанмен әуе қатынасын қалпына келтірді.

Ресейдегі Тәжікстан елшілігінің мәліметінше, күніне 900-ден астам тәжікстандық отанына қайтып жатыр. Пандемия басталғалы бері 50 мың азамат арнайы рейспен еліне қайтқан.

XS
SM
MD
LG