Ссылки доступа

Өзбекстанның тағы 700 азаматы Ресейден автобуспен елге қайтты


Өзбек үкіметі ұйымдастырған 15 автобус Қазан қаласынан шамамен 700 өзбекстандықты елге жеткізеді. Бұл туралы Өзбекстан көлік министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Министрлік мәліметі бойынша, автобустар Өзбекстанға 6 қазанда жетеді.

Бұның алдында Өзбекстанның 750 азаматы Ресейдің Самара облысынан осы автобустармен елге қайтқан.

Бұған дейін хабарланғандай, қыркүйектің соңында Өзбекстанның мыңдаған азаматы шекараның ашылуын күтіп, шатыр қалашыларда тұруға мәжбүр болды. Мұндай қалашықтар Ресейдің Ростов және Самара облыстарында болды. Тамыздың аяғында мыңнан астам өзбекстандық елге пойызбен оралған.

Ресей билігі пандемияға байланысты елде қалып қойған еңбек мигранттарына федерация аумағында жүруге рұқсат берді.

XS
SM
MD
LG