Ссылки доступа

Қырғызстан ОСК парламент сайлауы нәтижесін жойды


Қырғызстан орталық сайлау комиссиясы (ОСК) 4 қазанда өткен парламент сайлауының нәтижесін жойды. Бұл ақпаратты Азаттықтың Қырғыз қызметі хабарлады

Қырғызстан орталық сайлау комиссиясы (ОСК) 4 қазанда өткен парламент сайлауының нәтижесін жойды. Бұл ақпаратты Азаттықтың Қырғыз қызметі хабарлады.

ОСК баспасөз хатшысы Марина Гречанная Азаттыққа мекеменің парламент сайлауының қорытындысын жоққа шығару туралы шешім әзірлеп жатқанын хабарлаған. ОСК мүшесі Гүлнура Журабаева Facebook парақшасында ОСК-нің 11 мүшесі сайлау қорытындысын жоюға дауыс берді деп жазған.

Қырғызстанда парламент сайлауы 4 қазанда өткен. Оның алдын ала қорытындысы бойынша, үкіметшіл үш партия ("Биримдик" - 24,5 пайыз, "Мекеним Кыргызстан" - 23,88, "Кыргызстан" - 8,76) және оппозициялық "Бүтүн Кыргызстан" (7,13 пайыз) партиясы парламентке өткен.

Парламентке өте алмаған оппозициялық партиялар сайлау кезінде өрескел заңбұзушылықтар болғанын алға тартып, сайлау қорытындысымен келіспей, қайта сайлау өткізуді талап еткен еді. 6 қазанға қараған түні наразылар Ақ үй, парламент ғимаратын басып алғаннан кейін президент Сооронбай Жээнбеков "орталық сайлау комиссиясына сайлау кезіндегі заңбұзушылықтарды тексеруді тапсырғанын", ақпарат расталса сайлау қорытындысы жойылатынын мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG