Ссылки доступа

Армения: Таулы Қарабақта "түн айтарлықтай тыныш болды"


Солдат Сил обороны Карабаха, 4 октября
Солдат Сил обороны Карабаха, 4 октября

Арменияның қорғаныс министрлігі Таулы Қарабақта өткен түн айтарлықтай тыныш өткенін мәлімдеді.

"Әлемдік қауымдастықтың атысты доғаруға қатысты үндеулерінен соң шекарада түн айтарлықтай тыныш өтті. Тыныштық бұзылған жағдайда, оған Әзербайжанның әскери-саяси басшылығы кінәлі болады", - деп жазды армян қорғаныс министрі Шушан Степанян.

Әзербайжан билігі 27 қыркүйектен бері Армения тарапынан жасалған шабуылдан 27 адам қаза тапқанын мәлімдеді. "6 қазандағы мәлімет бойынша, 25 бейбіт тұрғын қаза тапты. 141 адам жараланды", - деп хабарлады Әзербайжанның бас прокуратурасы.

5 қазанда АҚШ-тың, Ресейдің және Францияның қорғаныс министрлері жанжалдасушы тараптарды атысты доғаруға шақырған.

Таулы Қарабақтағы жағдай 27 қыркүйекте таңертең ұшығып кетті. Аймақта атыс басталды. Армения мен Әзербайжан әскери жағдайға көшті.

XS
SM
MD
LG