Ссылки доступа

БҰҰ: Тәжікстан азамат соғысы жылдары із-түссіз жоғалғандар туралы мәліметті жаңартуы тиіс


В прилегающем к столице районе Турсунзаде можно увидеть сотни неопознанных могил времен гражданской войны

Біріккен Ұлттар Ұйымы Тәжікстан үкіметін азамат соғысы жылдары із-түссіз жоғалғандар туралы мәлімет іздестіріп, қаза болғандардың денесін туыстарына тапсыруға кеңес берді.

БҰҰ мамандарының айтуынша, сонда ғана Тәжікстан үкіметі үлкен қасірет әкелген соғыс "жарасын жазуға" мүмкіндік алады. Ұйым сарапшыларының пікірінше, тәжік үкіметі бұл мәселеге аса көңіл бөлмей отыр.

БҰҰ-ның жұмыс тобының есебі Адам құқықтары жөніндегі кеңестің қыркүйек айының соңындағы отырысында қаралды. Есепте Тәжікстан үкіметінің азамат соғысынан кейінгі жиырма жылда адам құқықтарының бұзылуына қарсы ешқандай әрекет жасамағаны айтылған.

Тәжікстан үкіметінің өкілдері мұндай қорытындыны орынсыз деп атап, "үкімет бұл қылмыстарға қатысы барларды анықтап, оларды жазаға тартуға бар күшін салып жатыр" деп жауап берген.

Жеті жылға созылған азамат соғысы 1992 жылы басталды. Үкімет пен оппозиция арасындағы соғыстан 50 мыңнан астам қаза тапты, жүздеген адам із-түссіз жоғалып кетті.

БҰҰ жұмыс тобының мамандары 2019 жылы жазда Тәжікстанда болды. Олар жариялаған есепте азамат соғысы куәгерлерінің айтқандары жарияланған.

XS
SM
MD
LG