Ссылки доступа

Uzbekistan airways Қазан мен Самараға қосымша чартерлік рейс ұшырады


Өзбекстанның Uzbekistan Airways ұлттық әуе компаниясы 9-10 қазан күндері Ресейдің Қазан және Самара қаласынан Ташкентке қосымша чартерлік рейс ұшырады.

Ақпаратқа қарағанда, жұма күні сағат 9:00-да Қазаннан ұшқан ұшақ Ташкентке 14.30-да келеді. Екінші ұшақ Самарадан сенбі күні сағат 11.20-да шығып, Ташкентке 15.25-те жетеді.

"Аталған қалалардан Ташкентке ұшып келуді қалаған Өзбекстанның, Ресейдің және Қырғызстанның азаматтары соңғы 72 сағат ішінде тапсырылған коронавирус жоқ екенін растайтын ПТР-тестің анықтамасын көрсетуі тиіс. Мұндай анықтамасы жоқ азаматтар ұшаққа отырғызылмайды", - деп жазылған әуе компания ақпаратында.

Осыған дейін 1 қазаннан бастап Өзбекстанға әуе, темір жол және көлік арқылы "санитарлық-гигиеналық, карантиндік шараларды қатаң сақтап" кіруге рұқсат берілгені хабарланған.

Өзбекстан коронавирус пандемиясына байланысты 16 наурыздан бастап халықаралық әуе қатынасын тоқтатқан.

XS
SM
MD
LG