Ссылки доступа

Химиялық қаруға тыйым салу ұйымы Навальныйдың "Новичокпен" уланғанын растады


Алексей Навальный

Химиялық қаруға тыйым салу ұйымы немис үкіметіне ресейлік оппозицияшыл саясаткер Алексей Навальныйдың улануы бойынша зерттеу қорытындысын жариялады. Онда Навальный "Новичок" затымен уланғаны айтылған.

Ұйымдағы неміс үкіметінің өкілі қорытындыны Химиялық қаруға тыйым салу жөніндегі Конвенцияға қол қойған елдердің бәріне жөнелтуді және қоғам үшін ашық етуді сұрады.

Кремльдің басты қарсыласы Навальный 20 тамызда Томск-Мәскеу ұшағында есін жоғалтқан. Ұшақ Омск қаласына қонып, Навальный жергілікті ауруханаға жеткізілген. Кейін жақындарының талабымен Германиядағы "Шарите" клиникасына ауыстырылды.

Навальный клиникада 32 күн жатқан, 24 күн реанимация бөлімінде болған.

ОЗХО: Навальный был отравлен "Новичком"
пожалуйста, подождите

No media source currently available

0:00 0:00:56 0:00

2 қыркүйекте Германия үкімінің ресми өкілі Штеффен Зайберт зертхана мамандарының қорытындысына сүйене отырып, Навальныйдың ағзасынан "Новичок" тобына жататын у қалдықтары табылды деп мәлімдеген. Германия канцлері Ангела Меркель Ресейден оқиғаны түсіндіруді талап етті.

Франция мен Швецияның тәуелсіз зертханалары да бундесвер зертханасының қорытындысын растап, Навальныйдың "Новичок" тобына жататын удан уланғанын айтты. Ал Омбы ауруханасы мамандарының сөзіне сүйенген Ресей билігі саясаткердің ағзасынан у табылмағанын, қылмыстық іс қозғауға негіз жоқ екенін айтқан.

Навальный өзіне қастандық жасаушылардың артында Ресей президенті Владимир Путин тұр деп есептейтінін "Der Spiegel" неміс басылымына берген сұқбатында айтты.

XS
SM
MD
LG