Ссылки доступа

Гүлістанда Covid-19 науқастарын бөлу орталығында жарылыс болды: бір адам қаза тапты - дереккөз


7 қазанда таңертең Сырдария облысы Гүлістан қаласындағы ковид-орталықта оттегі баллоны жарылды.

Тәуелсіз дереккөздердің мәліметі бойынша, жарылыстан кем дегенде бір адам қаза болып, ондаған адам жараланды. Орталықты 10 тонналық оттегі баллоны жарылған.

Хабарларға қарағанда, жараланғандар арасында бірнеше адамның жағдайы ауыр.

Куәгерлердің айтуынша, жарылыс салдарынан 1 шақырым радиуста орналасқан ғимараттардың терезелері сынған.

Ауданды тәртіп сақшылары қоршап қойды.

Бұның алдында Төтенше жағдайлар министрлігі жарылыстан бір адам зардап шеккенін хабарлаған.

XS
SM
MD
LG