Ссылки доступа

Зерттеу: Тәжік мигранттары жұмыс жоқтан Ресейге баруға мәжбүр


Архивное фото
Архивное фото

Халықаралық миграция жөніндегі ұйымның зерттеуі бойынша, Тәжікстан азаматтары елде жұмыс жоқтан Ресейге кетуге мәжбүр.

Жұмыс берушілер мен халықты жұмыспен қамту қызметтерінің мамандары елде жұмыс бар дейді, бірақ олардың талаптары заман талабына сай емес.

Ұйымның жұмыс тобы Тәжікстанда бұл сауалнаманы биыл маусым-тамыз айларында жүргізген. Жобаны Жапония үкіметі қаржыландырған.

Зерттеу жүргізгендердің бірі Малика Ёрбобоеваның айтуынша, сауалнама Душанбе қаласында, Хатлон облысы мен бірқатар ауданда жүргізілген.

"Сауалға жауап бергендердің дені елде жалақысы аз жұмысқа да орналасуға дайын екенін айтты, өйткені еңбек мигранттары Ресейде түрлі қиындықтарға тап болады. Оның үстіне, пандемия кезінде Ресейде жұмыс табу қиындап кетті", - деді ол.

Ресейде 1 миллионнан астам тәжік мигранты жұмыс істеп жүр.

XS
SM
MD
LG