Ссылки доступа

Еуропалық одақ Қырғызстандағы саяси күштерді дауды бейбіт жолмен шешуге шақырды


Еуропалық одақ Қырғызстандағы сайлауға қатысты мәлімдеме жасады. Бұл туралы Еуроодақтық Қырғызстандағы өкілдігі хабарлады.

Еуропалық одақ Қырғызстан орталық сайлау комиссиясының 4 қазанда өткен сайлау нәтижесі жойылғаны туралы мәлімет алған.

"ЕО елдегі барлық күштерді өзара келіспеушіліктерін Конституцияға сай, бейбіт жолмен шешуге шақырады. Біз Қырғызстанның халықаралық міндеттеріне сай әділ сайлау өтуін күтеміз" делінген мәлімдемеде.

Еуропалық одақ Қырғызстанның демократиялық жолын қолдайды және алдағы уақытта да қолдау көрсете береді.

7 қазанда Бішкектегі орталық алаңда өткен митингте "Республика" партиясының жетекшісі Мирлан Жеенчороев сөйледі.

Ол президент Сооронбай Жээнбековке импичмент жариялау керек деп мәлімдеді.

"Жээнбеков қызметтен кетуі тиіс. Райым Матраимовты отырғызу қажет. Үкімет мүшелері ашық түрде сайлансын, ол үшін депутаттар жұмысқа шығуы тиіс", - деді Жеенчороев.

5 қазанда астанада саяси күштердің митингі басталды. Олар парламент сайлауының нәтижелеріне қарсы шықты. Кейін шеруге шыққандар мен милиция қақтығысып, наразы топ "Ақ үйді" басып аллы.

6 қазанда Орталық сайлау комиссиясы сайлау нәтижесі жойылғанын жариялады.

XS
SM
MD
LG