Ссылки доступа

Трамп Ресей бойынша зерттеу құжаттарын жариялайды


Сейсенбі күні кешке АҚШ президенті Дональд Трамп 2016 жылы президент сайлауына Ресейдің қатысы бар-жоғын анықтауға арналған зерттеу құжаттарын жариялайтынын айтты.

"Мен Америка тарыхындағы ірі саяси қылмысқа, Ресейдің жымысқы әрекетіне қатысы бар барлық құжаттарды жариялауды тапсырдым. Бұның Хиллари Клинтонның электронды поштасының бұзылуына да қатысы бар. Алдау болмайды", - деп жазды президент.

Зерттеуді 2016 жылы жазда Федералдық зерттеу бюросы бастап, 2019 жылы оны арнайы прокурор Роберт Мюллер аяқтады. Соның нәтижесінде Ресей америкалық сайлау процесіне ықпал ету мақсатында кибероперация жүргізгені анықталды.

XS
SM
MD
LG