Ссылки доступа

Тәжікстанда суға батып кеткен сарбаздардың денесі әлі табылмады (видео)


Тела утонувших в реке Бартанг таджикских солдат до сих пор не найдены
пожалуйста, подождите

No media source currently available

0:00 0:02:10 0:00

Мектеп оқушысын құтқару үшін суға түскен екі жауынгердің туыстары олардың сүйегі әлі табылмады дейді.

Ресми мәліметке қарағанда, Рушан ауданындағы әскери бөлімде қызмет етіп жүрген Сирожиддин Ятимов пен Кандилжон Вохидов есімді сарбаздар 30 қыркүйекте 10 сынып оқушысын құтқару үшін дарияға түскен. Оқушы өзіне қол жұмсамақ болып, Бартанг дариясына секіріп кеткен. Бірақ оның өмірін сақтап қалуға мүмкін болмаған.

"Суға түскен үш жауынгер болған екен. Біреуі аман қалыпты. Біз онымен сөйлестік. Ол әлі өзіне келе алмай жатыр", - дейді Сирожиддин Ятимовтың апасы Махасти Зухурова.

Сирожиддин Ятимовтың әкесі қазір шетелде жұмыс істеп жүр. Ол әлеуметтік желі арқылы видео үндеу жасап, баласының сүйегін табуға көмек сұрады.

Тәжікстанның төтенше жағдайлар бойынша комитеті іздестіру жұмысы жүріп жатыр деді.

Махасти Зухурова інісінің екі жыл армияда қызмет ету мерзімі бітіп, үйіне қайтуға санаулы күн қалғанын айтады.

Бартанг өзені Тәжікстан мен Ауғанстан ортасындағы Паянж дариясына келіп құяды.

XS
SM
MD
LG