Ссылки доступа

Тәжікстанның 2 мыңнан астам азаматына елден шығуға тыйым салынды


Архивное фото
Архивное фото

Тәжікстан үкіметі екі мыңнан астам азаматқа елден шығуға тыйым салды.

Ресми мәлімет бойынша, олар несие немесе алимент төлемеген. Олардың арасында 130 жекеменшік компанияның басшылары бар.

Берешегі бар азаматтар үкіметтің бұл шарасы тиімсіз екенін, шетелде ақша табуға мүмкіндік барын айтып отыр.

Тәжік үкіметі сот шешімін орындату қызметін екі жыл бұрын құрды. Қызметтің бір өкілінің айтуынша, азаматтарға елден шығуға тыйым салатын заң 2018 жылы қабылданғанын, бірақ осы уақытқа дейін оны қолданбай келгенін айтты.

"Тізім мәліметтердің электронды базасына түседі. Оны шекарашылар мен ішкі істер органының қызметкерлері көре алады. Борышкерлер қарызды толық өтемейінше, елден шыға алмайды. Мысалы, оларды шекара пунктерінде өткізбей қоюы мүмкін", - деді ол.

Бұның алдында Тәжікстанның Ұлттық банкі ""терроризммен" және экстремистік топтармен байланысы бар 2647 адамның тізімін жасаған. Оларға банк операцияларын жасауға тыйым салынған.

XS
SM
MD
LG