Ссылки доступа

Өзбекстанда коронавирустан емдейтін тегін дәрі жетіспей жатыр


7 қазанда Өзбекстанның денсаулық сақтау министрлігі коронавируспен ауырған науқастарды тегін дәрімен қамтамасыз етіп жатқанын хабарлады. Алайда науқастардың туыстары үш адамның біреуіне ғана дәрі берілетінін айтты.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша, жақында 15 мың дана "Ремдесивир" (2,5 мың адамға жетеді) және 17 мың "Фавипиравир" дәрісі тегін таратылған. Науқастардың туыстары тегін дәрі жағдайы ауыр науқастарға ғана берілетінін айтты.

Министрліктің хабарлауынша, COVID-19-бен ауыратын науқастарды емдеуға арналған дәрі-дәрмекті сатып алуға 24 миллиард сум (2 млн доллар) бөлінген.

Ресми мәлімет бойынша, қазір күніне 300 мың қорап дәрі науқастарға тегін таратылады.

Пандемия кезінде дефицит тауарға айналған "Ремдесивир" және"Фавипиравир" дәрілерін үкімет қатаң бақылауға алған.

Дегенмен "Ремдесивир" дәрісін дәріханалардан табу қиын болып тұр, алып-сатарлар оны 1 миллион 700 мың сумнан (165 доллар) сатып жүр.

Өзбекстанда 59 788 адамның коронавирус жұқтырғаны анықталған. Ауруханаларда 2 728 науқас емделіп жатыр.

XS
SM
MD
LG