Ссылки доступа

Пашинян мен Путин Қарабақтағы жалдамалыларды талқылады


Нагорный Карабах, 7 октября 2020 года
Нагорный Карабах, 7 октября 2020 года

Армян-әзербайжан жанжал ошағына айналған Таулы Қарабақта шетелдің жалдамалы жауынгерлерінің соғысуы Ресей президенті Владимир Путинмен келіссөзде талқыланды.

Бұл туралы РБК агенттігіне Армения премьер-министрі Никол Пашинян мәлімдеді. Оның айтуынша, жалдамалы әскердің жарымы жанжал аймағынан кеткен жоқ.

Бұның алдында Таулы Қарабақта Әзербайжан жағында Түркиядан келген жалдамалы жауынгерлер соғысып жүргенін Ресейдің әскерилері мен Франция президенті Эммануэль Макрон хабарлаған. Анкара бұл айыптауларды жоққа шығарды. Әзербайжанның қорғаныс министрлігі болса ұрыс алаңында оққа ұшқан армян жауынгерлері арасында Сирия мен Таяу шығыстағы этникалық армяндар болғанын мәлімдеді.

Ақпарат құралдарының хабарлауынша, 7 қазанда Таулы Қарабаққа қатысты екі түрлі ақпарат түсті. Баку өз әскерінің жетістіктері туралы мәлімдемесе, Еревен жаудың шабуылына тойтарыс берілгені туралы хабарлады.

Ресейдің қорғаныс министрі Сергей Шойгу аймақтағы жанжалды Армения және Әзербайжан қорғаныс министрлерімен талқылаған. Келіссөздер туралы мәлімет хабарланбады.

Таулы Қарабақтағы жағдай 27 қыркүйекте таңертең ушығып кетті. Аймақта әскери қимылдар басталды. Армения мен Әзербайжан әскери жағдайға көшті.

XS
SM
MD
LG