Ссылки доступа

Қырғыз күштерін үйлестіруші Суваналиев БҰҰ-ның Қырғызстандағы өкілімен кездесті


8 қазанда Қырғызстан Қауіпсіздік кеңесі хатшысы қызметін атқарушы, күш құрылымдарын үйлестіруші Омурбек Суваналиев БҰҰ-ның Бішкектегі жүйесін үйлестіруші Озонниа Ожиело.

Олар елде қалыптасқан жағдайды талқылаған. Суваналиевтің айтуынша, арандатушы топтар жағдайды ушықтыруға талпынған.

"Соған қарамастан, жағдайды бақылауда ұстап тұруға күшіміз жетеді. Күш құрылымдары мен құқық қорғау органдары саясаттан тыс", - деді Суваналиев.

Қырғызстанда жалғыз легитим орган - Қауіпсіздік кеңесі. Ол елде тәртіп орнатуға күш салады.

"Жағдай қиын. Партиялар өз митингтерін өткізіп жатыр, бірақ өзара келісе алар емес. Бұрынғы билік кетпегенін мәлімдеді. Президент өзінің легитимдігін жариялады. Қазір елде жалғыз ғана легитим орган бар. Ол - Қауіпсіздік кеңесі. Мен хатшының орынбасары қызметін атқарамын", - деді ол.

Суваналиевтің айтуынша, қазір ол ешқандай партияны қолдамайды. Ол басқа да елдермен келіссөздер жүргізіп жатқанын, елде тәртіпсіздікке жол бермейтінін айтты.

БҰҰ бас хатшысы Антониу Гутерриш елде болып жатқан жағдайдан хабардар, ол Қырғызстанның саяси дағдарыстан тезірек шыққанын қалайды.

Қырғызстанда 4 қазандағы парламент сайлауынан соң саяси дағдарыс басталды. Сайлау нәтижесінің жойылуын талап еткендердің акциясы тәртіпсіздікке ұласты. 6 қазанға қараған түні шерушілер "Ақ үйді" алды. Онда парламент пен президент аппараты орналасқан.

Президент Сооронбай Жээнбеков бұны "билікті күшпен басып алуға талпыныс" деп сипаттап, өзінің легитим президент екен айтты. Бұл уақытта Бішкекте түрлі саяси күштер билікке таласып жатыр.

XS
SM
MD
LG