Мемлекеттік шекара қызметі жоғары лауазымды шенеуніктерді шығармау жөнінде тапсырма алғанын хабарлады. "Осындай тапсырма алдық, біз әрине тапсырманы орындаймыз", - деді мекеме өкілі ТАСС агенттігіне.
Суваналиевтің сөзінше, қазір Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков пен премьер-министр Кубатбек Бороновтың қайда екені белгісіз. Елде митинг басталғалы бері ол халық алдына шықпады. Ал интернетте жарияланған мәлімдемелерін ол қайда түсірді, белгісіз.
"Жоғары лауазымды шенеуніктер қазір тығылып отыр. Бірақ бәрі бірдей тығылып отыр деп айта алмаймыз. Көбі қашықтан жұмыс істеп отырмыз деп мәлімдеді. Мысалы Боронов отставкаға кетпеді. Осы секілдідер көп", – деді ол.
Омурбек Суваналиев елде жағдай әлі ауыр екенін, саяси күштер келіссөзге келе алмай жатқанын жеткізді.
5 қазанда парламент сайлауының нәтижесі жарияланғаннан кейін Қырғызстанда жаппай наразылық шарасы басталды. Парламентке өтпей қалған оппозициялық партиялардың лидерлері мен жақтастары митингке шықты. Олар әкімшілік ғимараттарды басып алып, түрмеде отырған бірқатар саясаткерлерді босатты. 6 қазанда Орталық сайлак комиссиясы сайлау нәтижесінің күшін жойды.
Жаппай тәртіпсіздік кезінде 700 адам жараланып, біреуі қайтыс болған.