Ссылки доступа

Халықаралық валюта қоры: Тәжікстанға дағдарыстан шығуға көмектесеміз


Халықаралық валюта қоры (ХВҚ) пандемия салдарынан экономикалық қиындыққа тап болған әлемдегі кедей елдерге көмек көрсету жөнінде шешім қабылдады. 28 мемлекет, оның ішінде Тәжікстан да бар, екінші рет қаржылай көмек алады.

Тәжікстан қаржы министрлігінің мәліметінше, елдің сыртқы қарызы - 3,1 млрд доллар. 2020 жылдың алғашқы алғашқы жарты жылдығында қарыз 170 млн долларға көбейген. Былайша айтқанда, әрбір тұрғын басына 330 доллардан келеді.

Халықаралық валюта қорының директорлар кеңесі 5 қазанда берілетін төтенше көмек алты ай ішінде ХВҚ алдындағы қарызын жабуға мүмкіндік береді.

Биыл мамыр айында ХВҚ-тың Атқарушы кеңесі Тәжікстанға 10 жылға, алғашқы бес жыл жеңілдікпен 189,5 млн доллар бөлу жөнінде шешім қабылдаған.

ХВҚ есебі бойынша, дағдарыс салдарынан Тәжікстан экономикасы 2 процентке қысқарады, бюджет тапшылығы 7,7 процентке өсуі мүмкін.

Тәжікстан үкіметі мамыр айында COVID-19 вирусы пандемиясы кезінде еліндегі орта және шағын кәсіп өкілдеріне жеңілдік жасаған.

Дүниежүзілік даму банкі (ДДБ) баяндамасында "Тәжікстанда соңғы жиырма жылда үлкен экономикалық құлдыру байқалады" деп атап өткен. ДДБ болжамы бойынша, Тәжікстанда 2021 жылы ЖІӨ 3,7 процент болады.

XS
SM
MD
LG