Ссылки доступа

Тәжікстанда тұрғындар жарықтың сөніп қала беретініне шағымданды


Иллюстративное фото

Тәжікстан аймақандарындағы тұрғындар жарық күндіз және түнде белгілі-бір уақытта сөніп қалатынына шағымданды. "Барки точик" холдингі бұны электр желілерін жөндеу жұмыстарымен түсіндірген.

Соғды облысы Ашт ауданының тұрғындары 4-5 күннен бері күндіз жарық берілмейтінін айтты. Жарық болмаған соң, халық газ сатып алуға мәжбүр. Газ сататын орындарда кезек пайда болған.

Турсунзода қаласы Пахтаобод ауылының тұрғындары да жарық жоқ дейді. Мұнда тәулігіне алты сағат қана жарық беріледі.

"Барки точик" қуат холдингінің баспасөз хатшысы Нозиржон Ёдгоридің хабарлауынша, компания 6 қазанда аймақ тұрғындарына ірі электр желілерін жөндеу жұмыстары жүріп жатқанын ескерткен. "Қысқа дайындалу үшін жөндеу жұмыстары басталды. Мұндай жұмыс жылда жүргізіледі", - деді ол.

Тәжікстанда электр қуатына шектеу енгізілгеніне жиырма жылға жуықтады. Әдетте жарық қазан және сәуір айларының аралығында жиі сөнеді.

XS
SM
MD
LG