Ссылки доступа

Канадалық компания Бұхарадағы газ кеніне 1 миллиард доллар инвестиция салуды көздейді


Канадалық Condor Petroleum компаниясы Бұхара облысы Газли қаласындағы газ кеніне 1 миллиард доллардан астам инвестиция құюды көздеп отыр.

Бұл туралы Өзбекстанның Канададағы елшісі Жавлон Вахабов мәлімдеді. Ол "Condor Petroleum Inc." компаниясының басшыларымен онлайн-келіссөз жүргізді.

"Компания президенті Дон Стреум кем дегенде бес кен орнын пайдаланғысы келетінін айтты. Компания Газли қаласындағы бес кен орнын зерттеген. Жобаны жүзеге асыру мерзімі - 2021-2024 жылдар" деп хабарлады жергілікті БАҚ.

Канадалық компания газ өндіру саласына озық үлгідегі технология қолданғысы келеді.

"Condor Petroleum" 1994 жылы құрылған, Орталық Азия, Солтүстік және Оңтүстік Америка елдерінде, Индонезия, Ливия, Ангола, Түркияда жұмыс істеген.

XS
SM
MD
LG