Ссылки доступа

Путин Таулы Қарабақта атысты доғаруға шақырды


Ресей президенті Владимир Путин тұтқындар алмасып, мәйітті беру үшін Таулы Қарабақта атысты доғару керек деп мәлімдеді. Бұл туралы Кремльдің баспасөз қызметі хабарлады.

Путин бұл ұсынысын Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевпен және Армения премьер-министрі Никол Пашинянмен телефон арқылы келіссөз жүргізген соң айтқан.

Ресей президенті бұған қоса Әзербайжан мен Армения сыртқы істер министрлерін келіссөз жүргізу үшін Мәскеуге шақырды.

Женевада 8 қазанда ЕҚЫҰ-ның жанжалдарды реттеу жөніндегі Минск тобының жиналысы басталды. Оған Ресей, Франция және АҚШ өкілдері қатысты. Жиынға Әзербайжан сыртқы істер министрі Джейхун Байрамов та қатысты.

Бейсенбі күні Әзербайжанның сыртқы істер министрлігі атыс тоқтамайтынын мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG