Ссылки доступа

Беларусьте екі оппозициялық саясаткер Лукашенкомен кездесуден кейін бостандыққа шықты


Саяси тұтқындар Лукашенкомен кездесу кезінде

Беларусь мемлекеттік телеарнасы жексенбі күні тергеу абақтысынан Александр Лукашенкомен кездесуден кейін екі оппозициялық лидердің босап шыққанын мәлімдеді.

Олар - президенттікке үміткер болған Виктор Бабарико кампаниясының сенімді өкілі Юрий Воскресенский мен PandaDoc компаниясының Минск кеңсесінің директоры Дмитрий Рабцевич. Оларды үйқамаққа ауыстырған.

Олардың босап шыққанын туыстары растады.

Лукашенко сенбі күні тергеу абақтысына барып, қамауда жатқан бірнеше оппозициялық саясаткерлермен кездескен. Онда не айтылғаны нақты белгісіз. Бірақ соңғы кезде Лукашенко жиі көтеріп жүрген Конституцияға өзгерістер жайлы айтылуы мүмкін. Кездесуге 12 адам қатысқан. Арасында президенттіктен үміткер болған оппозиция лидері Виктор Бабарико да болған. Ол сайлауға дейін қамауға алынған.

Өткен жексенбіде Минскіде Лукашенконың басқаруына қарсы кезекті наразылық акциясы өтті. Бұл жолы милиция мен ОМОН өкілдері демонстранттарға қарсы қатал әрекет еткен. Жараланғандар бар делінеді. Кемінде 200 адам ұсталған.

XS
SM
MD
LG