Ссылки доступа

Әлішер Усманов Өзбекстанда орыс тілін үйрету сапасын арттыру бағдарламасын қолдады


Өзбекстанның халық білімі министрі мен Ресейдің білім министрі өзбек мектептерінде орыс тілін оқыту сапасын арттыруға келісті.

Екі елдің министрлігі мен Әлішер Усмановтың "Өнер, ғылым және спорт" қайырымдылық қоры "Класс!" жобасын жүзеге асыру туралы келісімге отырды. Ол Өзбекстанда орыс тілі пәнінің сапасын арттыруды көздейді.

Ресей делегациясы 11 қазанда Ташкентке келіп, бірлескен жоба туралы меморандумға қол қойды.

"Класс!" жобасының алғашқы кезеңін жүзеге асыру үшін Ресейден Өзбекстанға 32 методист келді. Олар жергілікті мектептерде оқушылар мен ұстаздардың орыс тілін қаншалықты меңгергенін анықтайды.

2021 жылға таман елге тағы 100 ресейлік маман келеді. Хабарларға қарағанда, жыл сайын елге жүз маманнан келіп отырады.

Келісімге қол қою рәсімі кезінде Әлігер Усмановтың бейнеүндеуі көрсетілді. "Мен орыс мектебін бітірдім, сол себепті Өзбекстан үкіметінің мұндай стратегиялық бастамасын қолдаймын", - деді Усманов.

XS
SM
MD
LG