Ссылки доступа

Өзбекстан бас прокуратурасы кино саласындағы жемқорлықты тексеріп жатыр


Өзбекстан бас прокуратурасы "Мендирман Жалолиддин" ("Мен - Жалолиддин") көп сериялы фильмін және тағы 13 фильмді түсіру кезінде "үлкен көлемде бюджет қаражатын талан-таражға салу" фактісі бойынша тергеу жүргізіп жатыр.

Тергеу материалына сәйкес, биыл 11 қыркүйекте "Өзбеккино" ұлттық агенттігінің бірнеше басшысының үстінен қылмыстық іс қозғалды.

Өзбекстан мәдениет министрлігінің өкілі 6 қазанда "Мендирман Жалолиддин" фильмі мемлекет бюджетінен емес, демеушілердің қаражатына түсірілгенін айтты.

3 қазанда Ташкентте "Мендирман Жалолиддин" сериалын таныстыру салтанатында Өзбекстан президентінің қызы Саида Мирзияева фильмді Өзбекстандағы ең ірі жекеменшік банк – "Orient Finans Bank" қаржыландырғанын мәлімдеген.

"Өзбеккино" баспасөз қызметінің өкілі "Мендирман Жалолиддин" көп сериалы фильмі мен тағы 13 фильмді түсіру кезінде ақша жымқыру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын растады.

"Мендирман Жалолиддин" фильмі Шыңғысханмен соғысқан хорезмшах Жалолиддин Мангуберди туралы.

Өзбекстанда кино өндірісі ең жемқор салалардың бірі саналады. 2014 жылы "Өзбекфильмді" тексеру кезінде бірнеше қ

XS
SM
MD
LG