Қашқадария соты 9 қазанда шығарған шешімге сәйкес, үкімет құқық қорғаушыға 60 миллион сум (5 800 доллар) төлеп беруі керек.
Мемлекеттен 500 миллион сум (48 300 доллар) талап еткен Маматкулов сот шешіміне қайта шағымданатынын жеткізді.
Құқық қорғаушы 2012 жылы алаяқтық жасады, адам ұрлады деген айыптар бойынша қамалып, 10 жылға бас бостандығынан айырылған. Сотта ол өзіне тағылған айыптауларды негізсіз деп атап, саяси астары бар деген.
Маматкулов 2018 жылы бостандыққа шығып, 2020 жылдың наурыз айында толық ақталды.